Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Полиция қызметі жоғары жауапкершілікті, батылдықты, табандылықты және өз ісіне адалдықты талап етеді. Сіздер күн сайын заң мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау жолында абыройлы қызмет атқарып келесіздер.

Барша полиция қызметкерлеріне адал еңбектері, кәсібилігі және Отан алдындағы борышқа деген беріктігі үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сондай-ақ құқықтық тәртіпті нығайтуға және жас буын мамандарды тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ардагерлерге ерекше ризашылығымды жеткіземін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, бақ-береке, қызметтеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым елдің құрметі мен сеніміне бөлене берсін!

Құрметпен,

Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы
Сайлаубек Ерғазыұлы Ещанов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1250959?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді