
Алматы қаласында сот орындаушыларының қатысуымен заңды күшіне енген сот шешімі негізінде контрафактілік өнімдерді жою рәсімі өткізілді.
Іс-шара барысында зияткерлік меншік құқықтарын бұзатын контрафактілік тауарлар белгіленген тәртіппен жойылды.
Контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымының жолын кесу – тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, зияткерлік меншік құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге және заң талаптарының орындалуына бағытталған маңызды шаралардың бірі.
Сот орындаушылары сот актілерінің уақытылы әрі толық орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүзеге асырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1250978?lang=ru

Жауап қалдыру