
25 маусым күні Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері Камиль Сафин атындағы бокс мектебінің спортшылары және жаттықтырушылар құрамымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Кездесудің мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын тұрақты түсінуді қалыптастыру. Әңгімелесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Діни әралуандылық мәселелеріне, түрлі дүниетанымдарға құрметпен қараудың маңыздылығына және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөліне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және маман тарапынан жан-жақты жауаптар алды. Осындай ашық диалог жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, сыни ойлауын дамытуға және ақпарат көздерін, әсіресе діни білім саласындағы ақпараттарды саналы түрде таңдауға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1250470?lang=kk

Жауап қалдыру