
Солтүстік Қазақстан облысында дін саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «СҚО бойынша Тәжіктердің республикалық орталығы» этномәдени бірлестігінің өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара «Алтын арман» базарының аумағында аталған бірлестік өкілдері мен базар аумағында қызмет ететін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасы мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Әңгімелесу барысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың және деструктивті діни ағымдардың қызметіне байланысты қауіптер туралы уақтылы ақпараттандырудың маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктің маңызды рөлі ерекше аталып өтті. Бірлестік өкілдері профилактикалық жұмыстарды жүргізу және қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы одан әрі өзара ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1250475?lang=kk

Жауап қалдыру