
2026 жылғы 25 маусымда Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.А. Исенгельдин Басқарма қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі нормаларымен таныстырылды. Семинарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, заң талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, қызметтік әдеп қағидаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мақсаты – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою екені атап өтілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастырудың мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен қоғам сенімін нығайтудағы маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1251977?lang=ru

Жауап қалдыру