
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында аумақты абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау жұмыстары жалғасуда.
Маңызды бағыттардың бірі – қоғамдық орындардағы шөпті шабу жұмыстары. Бұл жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілуі тазалық пен тәртіптің сақталуына, елді мекеннің көркін жақсартуға, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Барша тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарап, тазалықты сақтауға және туған өлкеміздің көркеюіне бірлесе атсалысуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-fedorov/press/news/details/1250830?lang=ru

Жауап қалдыру