
Тазалық — біздің ортақ ісіміз! Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен аумақты көркейту жұмыстары аясында «Родник-М» ЖШС-нің ұжымы да өз үлесін қосты.
Кәсіпорынның қызметкерлері ғимараттың сыртқы қасбетін түгелдей ретке келтірді: кірпіш қабырғаларын әктеді және заманауи түстерге бояды. Енді біздің мекеме жаңа көрікке ие болып, ауыл көшелерінің сәніне айналды.
Біз тек өнім шығарып қана қоймай, өз ауылымыздың көркейіп, жайлы болуына да жауапкершілікпен қараймыз. Ортақ еңбектің нәтижесі – әрбір тұрғынның мақтанышы!
Баршаны «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуға шақырамыз! Бірге ауылымызды тазартып, көркейтейік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-sverdlov/press/news/details/1251459?lang=ru

Жауап қалдыру