
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Аманқарағай ауылдық округінің аумағында санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Іс-шаралар барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыстар шығарылуда, шөп шабу, жасыл желектерді күтіп-баптау, саябақтар мен демалыс орындарын абаттандыру жұмыстары атқарылуда.
Бұл жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындарға қолайлы әрі таза өмір сүру ортасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетті арттыру және туған жеріміздің көркеюіне үлес қосу.
Барша ауыл тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.
Таза ауыл – өзімізден басталады!
🍃 Бірге тазалықты сақтайық!
#ТазаҚазақстан #ТазаҚазақстан2026 #Аманкарагай #АманкарагайскийСельскийОкруг #Благоустройство #Чистота #Экология
#ТазаҚазақстан #Аманқарағай #Тазалық #Абаттандыру #Экология #ТуғанЖер #БіргеТазалайық
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1252590?lang=ru

Жауап қалдыру