«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА КЕНТ, КӨРІКТІ КЕЛЕШЕК! ♻️🌿

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жалағаш кентінде жалпыхалықтық сенбілік өткізілді.
👥✨ Тазалық шарасына тұрғындар, мекеме қызметкерлері және белсенді жастар қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.
🌱🛣️ Сенбілік барысында көшелер, жол жиектері, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындар тазартылып, жабайы шөптер шабылды. 🌾✂️ Қураған бұтақтар кесіліп, айнала ретке келтірілді.
🚛🗑️ Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы техникалардың көмегімен шығарылып, тиісті орындарға жеткізілді.
💚🤝 Тазалық – әр тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінің айғағы. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/1251229?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді