Текеліде салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық рейд өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алкоголь адамның денсаулығына ғана емес, оның тағдырына да кері әсерін тигізеді. Ол отбасылық қайғылы жағдайларға, ауыр сырқаттарға, тәуелділікке әкеліп қана қоймай, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жасалуына да себеп болуы мүмкін.

Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында Текелі қаласында полиция қызметкерлері прокуратура өкілдері және еріктілермен бірлесіп профилактикалық рейд өткізді.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары қала тұрғындарымен кездесіп, алкогольді шамадан тыс тұтынудың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Ал алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарының иелеріне қолданыстағы заңнама талаптары мен оларды бұзған жағдайда көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері арнайы есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жеріне барып, олармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізіп, құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың салдары жөнінде ескертті.

Жетісу облысының полициясы азаматтарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауға шақырады. Салауатты өмір салты мен заңға құрмет – қауіпсіз әрі берекелі қоғамның негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1252323?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді