
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері студенттерге арналған дәріс өткізді.
Іс-шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Дәріс барысында студенттерге қолданыстағы заңнаманың өзекті нормалары түсіндіріліп, құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1250977?lang=ru

Жауап қалдыру