
Жамбыл облысының прокуроры Жандос Әбдібаев облыс прокуратурасының жеке құрамымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жаңашылдықтарын іске асыру мәселелеріне арналған кеңес өткізді.
Кеңес барысында мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерінің күшеюі, конституциялық бақылау тетіктерінің кеңеюі, халық өкілдігінің жаңа институттары және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған конституциялық өзгерістер жан-жақты талқыланды.
Мемлекет Басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Аталған қағидат Конституция мен заңдардың үстемдігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға және қоғамда заңға құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша жеке құрамға жаңа Конституцияның қағидаттарын күнделікті қызметте басшылыққа алып, «Заң мен тәртіп» идеологиясын жүйелі түрде іске асыру, құқық үстемдігін қамтамасыз ету және Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жұмыстарды одан әрі күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Жамбыл облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1252790?lang=ru

Жауап қалдыру