
Жеке мектептер желісінің дамуы оқушылардың орын тапшылығын азайтуға және білімге қол жетімділікті арттыруға көмектесті. Енді Қазақстанда бюджет қаражатын бақылау мен бөлудің жаңа тетіктерін енгізе отырып, оларды мемлекеттік қаржыландыру жүйесі жетілдірілуде. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді.
Бұл жұмыстың маңызды кезеңі e-Qazyna платформасында “OrtaBilim” сервисін іске қосу болды. Оны енгізу тәуекелдерді барынша азайтуға және рұқсат беру құжаттамасында бұзушылықтары бар, жобалық қуаттылықтан асып кеткен, оқушыларды қосарлы есепке алған, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі аттестаттаудан өтпеген LMS-жүйелерді пайдаланған жекеменшік мектептерді қаржыландыру жағдайларын болдырмауға мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1251675?lang=ru

Жауап қалдыру