
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің 2026 жылдың маусым айына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, мемлекеттік, құқыққорғау органдары мен кәсіпкерлік ұйымдардың қатысуымен еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, оның ішінде ағымдағы жылы жұмыскерлермен орын алған жол көлік оқиғаларына қатысты мәселелер бойынша эксперттік кеңес отырысы өткізілді.
Іс-шараға Атырау облыстық прокуратура, Атырау облыстық полиция департаменті, ірі кәсіпорындар – «КazTransOil» АҚ, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ, «KPI», «TengizSpecStroy», «KMG EP-Catering», «Access and Coating Group» ЖШС-і мен кәсіподақ бірлесітігінің өкілдері қатысты.
Эксперттік кеңес отырысында жолда жүру мәдениетін арттыру, еңбек заңнамасын сақтау және жазатайым оқиғаларды алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды және 2026 жылдың 2-ші тоқсанында кәсіпорындарда қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан жол көлік оқиғасымен байланысты жазатайым оқиғалар санының өсуі алаңдатушылық тудырударып отырғаны да айтылды.
Ең маңызды құндылық адам өмірі мен денсаулығы екені басты назарға алынып, еңбек қауіпсіздігі тек талап емес, әрбір жұмыс берушінің тікелей жауапкершілігі екені аталып өтті.
Жиын қорытындысымен жұмыс берушілерге жол көлік оқиғаларын алдын алу бағытында халықаралық тәжірибе стандарттарын қызмет бабында кеңінен пайдалану, туындауы мүмкін тәуекелдерді саралап, әрбір жәйтқа құқықтық баға беріп, нәтижесімен тиімді іс-шаралар кешенін қабылдау ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1251829?lang=ru

Жауап қалдыру