🌿 “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🌿 “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

Үшарал қалалық округі әкімдігі аппаратының қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкері А. Аппасов “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Үшарал қаласының тұрғындарына қоқыс мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыстық қатты қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастамау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екені және санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығы айтылды.

Сондай-ақ, заңсыз қоқыс төгу фактілері үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде ақпарат берілді.

Таза қала – өзімізден басталады! Әрбір тұрғынды қоршаған ортаны таза ұстауға, туған өлкеміздің көркеюіне үлес қосуға шақырамыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-usharal/press/news/details/1253433?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді