
🏛️ Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды:
📖 Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 109-бабына сәйкес, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылуға жататын салық төлеуші:
✅ Әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілген;
✅ Талап қою мерзімі ішінде бір мезгілде мынадай барлық шарттарға сәйкес келген:
📄 Салықтық есептілікті өз бетінше ұсынбаған;
🌍 Экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырмаған;
🏦 Банктік шоттар арқылы төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізбеген;
🧾 Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
👥 Басқа заңды тұлғаның басшысы және (немесе) құрылтайшысы, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы болмаған;
⏸️ Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;
🏠🚗🌱 Жеке тұлғалардың салық салу объектілерін қоспағанда, мүлік салығы, көлік құралдары салығы және жер салығы бойынша салық салу объектілеріне меншік құқығы болмаған;
💼 Әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болмаған;
💰 Салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы 6 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын берешегі болмаған.
⚠️ Маңызды ерекшеліктер:
🚫 Бұл бап: 🔎 Салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге;
⛏️ Жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттар бойынша қызметін жүзеге асыратындарға;
📑 Заңда көзделген белгілі бір хабарламалары, тыйым салулары және өзге де шектеулері бар салық төлеушілерге қолданылмайды.
⚖️ Қызметті тоқтату тәртібі:
📌 Қызметті мәжбүрлеп тоқтату заңды күшіне енген сот актісінің негізінде ғана жүзеге асырылады.
🗂️ Осыдан кейін салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1255328?lang=ru

Жауап қалдыру