Есепті кезеңде Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға жеке консультативтік көмек көрсетті: барлығы 8 жеке консультация өткізілді, оның ішінде 5-еуі – мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет және бейінді мәселелер бойынша, 3-еуі – азаматтарға бейінді мәселелер бойынша берілді.
Әдеп жөніндегі уәкілге жүгінген азаматтарға олардың өтініштері бойынша (бейінді мәселелер, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған шаралар туралы) түсіндірмелер берілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар белсенді қолданылады. Есепті кезеңде интернет-ресурстарда барлығы 10 жарияланым орналастырылды, оның ішінде 6 жарияланым – мемлекеттік органның ресми сайтында, 4 жарияланым – әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда.
Интернет-парақшаларға тұрақты мониторинг жүргізіледі: Департамент қызметкерлеріне қатысты БАҚ-та жағымсыз жарияланымдар анықталған жоқ.
Департаментте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2026 жылғы 24 сәуірде департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Облыс әкімінің аппараты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты тұжырымдамасының жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі кеңес жұмысына қатысты.
2026 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау жөнінде (Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасына ұсыныстар әзірлеу бойынша) басшының қатысуымен кеңес өткізілді.
2026 жылғы 14 мамырда профилактикалық іс-шаралар аясында Департаменттің мемлекеттік қызметшілері салалық министрлік ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысты. Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын және Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері қаралып, дінтану және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы сарапшылардың қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2026 жылғы 5 мамырда Департамент «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында диалог алаңын өткізді.
2026 жылғы 15 мамырда мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметке кіру тәртібіне енгізілген жаңашылдықтар мен конкурстық рәсімдердің кезеңдері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысты.
Департамент ұжымында мемлекеттік органдағы қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін айқындау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуына қатысты сауалнама жүргізіліп, мониторинг жасалды. Әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы бойынша жүргізілген сауалнамаға Департаменттің 8 (100%) мемлекеттік қызметшісі қатысты. Мониторинг нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін бұзу фактілері анықталған жоқ.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталу деңгейін және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізілді.
Департамент ұжымында тұрақты, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптасқан. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша тоқсан сайынғы мониторинг нәтижесінде құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілер арасында ұжымда оң ахуал қалыптастыру мақсатында этикалық құндылықтарды нығайтуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
2026 жылғы 6 мамырда Департамент ұжымында ұжымдық бірлікті нығайту және жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында тимбилдинг өткізілді. Іс-шара барысында интеллектуалдық, шығармашылық және спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Диалог алаңы аясында Департаменттің мемлекеттік қызметшісіне Қазақстан Республикасының білім саласындағы ведомстволық награда – «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі табысталды.
Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің оң тәжірибесі туралы материалдар жарияланды.
Сондай-ақ халықты мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша оң тәжірибені көрсету мақсатында бейнероликтер орналастырылды.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілері өз құзыреттері шегінде білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне білім беру қызметі мәселелері бойынша жеке консультативтік және әдістемелік көмек көрсетуде.
Департаменттің мемлекеттік қызметкерлері білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне білім беру қызметінің мәселелері бойынша жеке кеңес беру және әдістемелік көмекті жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес мінез-құлық стандарттарын (әдеп нормаларын) ілгерілету жөніндегі қызмет мемлекеттік органдарға қоғамның сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепке жат мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Этика мен жоғары біліктілік қазіргі қазақстандық мемлекеттік қызметшінің кәсібилігінің негізі болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметте әдептілік нормаларды насихаттау және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде бекітілген әдеп қағидаттарының түсіндіру жұмыстары жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1253419?lang=ru

Жауап қалдыру