2026 жылғы 1 шілдеде «Е. Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры болып Кристина Викторовна Самоследова тағайындалды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 шілдеде Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Е. Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры болып Кристина Викторовна Самоследова тағайындалды.

Кристина Викторовнаның 26 жылдан астам жалпы педагогикалық өтілі бар. 1999 жылдан бастап 2011 жылға дейін Шахтинск қаласының мектептерінде неміс тілі мұғалімі болып жұмыс істеді.
2011 жылдан бастап 2026 жылға дейін Шахтинск қаласының Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында (бұрынғы № 1 мектеп-гимназиясы) директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Пән мұғалімі ретінде «педагог-шебер» біліктілік санаты және «бірінші санаттағы басшы орынбасары» біліктілік санаты бар.

Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі жетістіктері үшін берілген «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.

Кристина Викторовна Самоследова 2025 жылы «Білім берудегі 1000 көшбасшы» – білім беру ұйымдарының директоры лауазымына республикалық кадрлық резерв жобасының қатысушысы атанды. Оқудың барлық кезеңдерін лайықты деңгейде өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің сертификатына ие болды.

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын табысты өтуінің арқасында мектеп басшыларының кадрлық резерві бойынша конкурстық рәсімдерді өтпестен директор лауазымына тағайындалды.

Шахтинск қаласының білім бөлімі басшылық лауазымға тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды. Сіздің кәсіби жетістіктеріңіз, тәжірибеңіз және тұлғалық құзыреттеріңіз жұмысты тиімді орындауға және алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге көмектеседі. Жаңа қызметіңізде табыс, зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1253257?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді