2026 жылғы 1 шілдеден бастап Жетісу облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алуға өтінімдерді қабылдау басталды. Бағдарлама ауылдық кәсіпкерлікті дамытуды, ауыл халқының табысын арттыруды және ауыл шаруашылығы кооперациясын қолдауды көздейді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Жетісу облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алуға өтінімдерді қабылдау басталды. Бағдарлама ауылдық кәсіпкерлікті дамытуды, ауыл халқының табысын арттыруды және ауыл шаруашылығы кооперациясын қолдауды көздейді.
Бағдарлама аясында келесі салалар бойынша жылдық 2,5% пайыздық мөлшерлемемен жеңілдікпен несие алуға өтінімдер қабылдануда: мал және егін шаруашылығы, өнімді өңдеу, техника мен жабдықтарды лизингке беру, кооперативтік даму және ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру.
Өтінімдер 2026 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде қабылданады.Өтінімдер amanatnesie.kz ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде қабылданады.
Бағдарламаға қатысқысы келетін азаматтарды қажетті құжаттарды тапсыруға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады:
Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, 113-үй, 1-қабат, «Жетісу» ӘКК» АҚ ғимараты.
Байланыс телефоны: 8 (7282) 32-97-20.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-shanhanai/press/news/details/1253155?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді