
Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясы Жаңасемей ауданында аудан әкімі, аудандық мәслихат төрағасы, жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен бухгалтерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік аудит шеңберінде Тексеру комиссиясы анықтайтын жүйелі бұзушылықтардың түрлері мен мазмұны, сондай-ақ аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларына қатысты қолданылатын әкімшілік сипаттағы шаралар талқыланды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – бюджетті жоспарлау және атқару сапасын арттыру, бюджет заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, анықталған бұзушылықтар мен олардың туындауына ықпал ететін себептерді жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мемлекеттік ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыруға және ауданның мемлекеттік мекемелерінің алдағы қызметінде қаржы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomabay/press/news/details/1255001?lang=ru

Жауап қалдыру