Алматыда кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Президент Жарлығын іске асыру барысы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли, баспа ісінің өкілдері, Кітап палатасының мамандары, кітапхана қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кездесуде кітап оқу мәдениетін дамытуға және қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа бастамалар сөз болды. Атап айтқанда, «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасын іске асыру және кітап оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктері үшін Ұлттық сыйлық тағайындау мәселелері қаралды.

Жиын барысында мамандар жобалардың мақсаты мен негізгі бағыттарына, қатысушыларды іріктеу және бағалау талаптарына, сондай-ақ ынталандыру тетіктеріне қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.

Отырыста айтылған ұсыныстар ескеріле отырып, жобалардың қағидалары толықтырылып, жетілдірілетін болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1255245?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді