АЛМАТЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ АЯСЫНДА КЕНТАУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ӨТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
АЛМАТЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ АЯСЫНДА КЕНТАУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ӨТКІЗДІ
 
Алматы қаласындағы «Атакент» халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан Қазақстандағы XXI Қытай тауарлары көрмесі аясында Кентау қаласының делегациясы қытайлық инвесторлармен және жетекші компаниялардың өкілдерімен іскерлік кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында Кентау қаласының инвестициялық әлеуеті, өндірістік инфрақұрылымы, өңдеу өнеркәсібін дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу, озық технологияларды енгізу және инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Қала әкімі Жандос Тасов инвесторларға Кентау қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, өндіріс саласындағы мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдау шаралары, инженерлік инфрақұрылымы және инвесторлар үшін ұсынылатын қолайлы жағдайлар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында қытайлық компания өкілдері Кентау қаласымен өзара тиімді әріптестік орнатуға қызығушылық білдіріп, өндіріс саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытында ұсыныстарын жеткізді. Тараптар нақты инвестициялық бастамалар бойынша пікір алмасып, ынтымақтастықтың алдағы кезеңдерін талқылады.
Іскерлік кездесулер нәтижесінде бірлескен жобаларды іске асыруға және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1255369?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді