
Ақтау қаласының 20-шағынауданын абаттандыру жобасы жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жоба аясында жалпы көлемі 22 029 шаршы метрді құрайтын автомобиль жолдарын салу көзделген.
Қазіргі таңда мердігер ұйым тарапынан 5 796 шаршы метр аумаққа асфальт жабыны төселді. Алдағы кезеңде қалған 16 233 шаршы метр аумақта жол құрылысы жұмыстары жалғасатын болады.
Аталған жоба жаңа шағынауданда инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жол-көлік қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған. Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде және нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1255233?lang=ru

Жауап қалдыру