
2026 жылдың маусым айында бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу шеңберінде барлығы 202 өнімдер сатып алынды, оның ішінде отандық өндірушілердің өнімдері- 46 сынама, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері- 47, басқа елдердің өнімдері- 109.
Зерттелген 202 сынаманың ішінде 35 сынама таңбалау көрсеткіштері бойынша техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеді және 1 сынамада нитраттың қалдық құрамы анықталды, яғни 17,8% құрайды.
Бақылау мақсатында сатып алынған өнімдердің ішінде 110 тамақ өнімі сынамалары зерттелді. Оның ішінде отандық өндірушілердің өнімдері- 43 сынама, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері- 38, басқа елдердің өнімдері- 29 сынама.
Зерттеу нәтижесінде 8 сынама тағам өнімдері (7,3%) техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді, оның ішінде 7 сынама таңбалау көрсеткіштері бойынша сәйкес келмеді және 1 сынамада нитраттың қалдық құрамы анықталды.
Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер:
- «Алель» тауық еті, өндірушісі- «Алель Агро» АҚ, ҚР, Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі;
- «Rikkaus» үйрек еті мұздатылған, өндірушісі- Қытай;
- «Аssortment Romantic» «Аленка», «Maks» кәмпиттері, өндірушісі- Өзбекстан;
- «Gaodian European Elegant» сыйлықтар жиынтығы, өндірушісі- Қытай;
- Фундук салмасы бар сүтті құрама шоколад, өндірушісі- Қытай;
- «Golden Sunshine» түрлі печенье, өндірушісі- Турция;
- Қарбыз, өндірушісі- «MEVA KELES EXPORT» ЖШҚ, Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Ташкент ауданы, Мажнунтол ХҚИ, Шарафобод көшесі, 35А.
2026 жылдың маусым айында бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде 92 сынама тамақ емес өнімдер сатып алынып, зерттелді. Зерттеу нәтижесінде таңбалау көрсеткіштері бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін 28 сынама (30,4%) анықталды.
Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін тамақ емес өнімдер:
- Балалар ойыншығы- 1 сынама;
- Балалар мен жасөспірімдерге арналған киімдер- 12 сынама;
- Жеңіл өнеркәсіп өнімдері- 15 сынама.
Бақылау мақсатында сатып алу нәтижесінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша субъектілерге сатылымнан алып тастау жөнінде аумақтық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің 6 жедел ден қою шарасы туралы қаулысы берілді.
Қаулы негізінде барлығы 10 кг. тағам өнімдері сатылымнан алынып тасталып, жеткізушіге кері қайтарылды.
Бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесінде 5 тергеп тексеру тағайындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1254725?lang=ru

Жауап қалдыру