АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

​🇰🇿 АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
​Астана күні мерекесіне орай Ақжал кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен және Аяқши елді мекенінің шаруа қожалықтарының демеушілігімен әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға азық-түлік себеттері табысталды.
​Бұл қайырымдылық шарасы — кентіміздегі ынтымақ пен жанашырлықтың, әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Осындай игі іске атсалысқан барлық шаруа қожалықтарының басшыларына шынайы алғысымызды білдіреміз! Бақ-берекелеріңіз еселене берсін! ✨
​💐 ​Баршаңызды келе жатқан Астана күні мерекесімен құттықтаймыз!
Елімізге тыныштық, әр шаңыраққа амандық, құт-береке және бақ-дәулет тілейміз! Мереке құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1254770?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді