
Турнирдің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында шахмат спортын дамыту, олардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа ауданның ауылдық округтерінен келген жас шахматшылар қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Турнир барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін танытып, жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1254123?lang=ru

Жауап қалдыру