Астанада Сығанақ көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада 9-16 шілде аралығында Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Арыс көпіріне (М-3) дейінгі учаскесінде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған учаске кезең-кезеңімен жабылатын болады. Осыған байланысты көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1255398?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді