
Астанада 5-7 шілде аралығында Сығанақ көшесінде Арыс көпірінен (М-3) Түркістан көшесіне дейінгі аралықта жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Осы ретте жарияланымда көрсетілген оң жақ съездер көлік қозғалысы үшін жабық болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1253652?lang=ru

Жауап қалдыру