АУДАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕДЕ ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
АУДАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕДЕ ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗУДЕ
 
Алматы қаласында өтіп жатқан Қытай тауарларының ХХІ көрмесіне Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бастаған аудан делегациясы да қатысып, ауданның аграрлық, өндірістік және инвестициялық әлеуетін кеңінен таныстырды. Іс-шара аясында аудан басшысы қытайлық компаниялардың өкілдерімен кездесіп, екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, инвестиция тарту, бірлескен өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.
 
Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлері көрмеде тұтыну тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері мен технологиялары, өнеркәсіптік өндіріс пен жаңа энергетикаға арналған заманауи жабдықтар, тұрмыстық электроника, қайта өңделген өнімдер, жаңа материалдар мен өндірістік құрал-жабдықтар экспозицияларын көрді.
 
Бағдарламаға сәйкес, көрме аясында B2B форматындағы келіссөздер ұйымдастырылып, Жетісай ауданының делегациясы қытайлық компаниялармен нақты бағыттар бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, агросектор саласына жаңа технологияларды енгізу, су үнемдеу тәсілдерін қолдану, өнімді қайта өңдеу, өндірістік кооперацияны дамыту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және ауданның
экспорттық әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1253119?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді