
2026 жылғы 25 мамырда Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы Бородулиха аудандық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс L сессиясын өткізді.
Күн тәртібіне сәйкес «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 43-2-VIII «Абай облысы Бородулиха ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» және «Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-21-VIІI «Бородулиха ауданының аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобалары қаралды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1254918?lang=ru

Жауап қалдыру