Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер, Болашақ және Қараоба ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау учаскелерін ашу туралы хабарлама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер, Болашақ және Қараоба ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау учаскелерін ашу туралы хабарлама

 

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округінің №240, Болашақ ауылдық округінің №235, №236, №239 және Қараоба ауылдық округінің №233, №234 учаскелік сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2026 жылғы 5 шілде күнгі сағат 07.00-дегі жағдай бойынша Ақпәтер ауылдық округінде бір, Болашақ ауылдық округінде үш және Қараоба ауылдық округінде екі сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де және сайлаушылардың келуінің қорытындылары туралы ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kaztalovka/press/news/details/1253681?lang=ru