Бородулиха аудандық мәслихаты төрағасының Құнарлы ауылдық округіне жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы жұмыс сапарымен Құнарлы ауылдық округінде болды.

Сапар барысында сібір жарасы көмілген орындарды сапалы бетон қоршаумен қоршау мәселесі қаралды. Аталған мәселе бұған дейін тұрғындармен өткен есептік кездесуде көтеріліп, оның орындалу мерзімі ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін деп белгіленген болатын.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша аталған жұмыстардың толық көлемде орындалғаны анықталды. Сібір жарасы көмілген орындар белгіленген мерзімде сенімді бетон қоршаумен қоршалып, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына және ауылдық округ аумағындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік жасалды.

Аудандық мәслихат төрағасы тұрғындардың есептік кездесулер барысында көтерген мәселелерін уақытылы шешудің маңыздылығын, сондай-ақ қабылданған міндеттемелердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1254947?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді