Бүгін, 2026 жылғы 8 шілдеде Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сессия жұмысына «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Меруерт Танатарова және «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік көмек және әлеуметтік нормативтер мен бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау бөлімінің басшысы Алмагүл Есназарова қатысты.

Күн тәртібінде Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілді. Қағидалар тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала қаралған депутаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен бекітілді.

Жоғарыда аталған Қағидалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және әділет органдарында тіркелуге жатпайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/1255055?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді