Еңбек гигиенасының жалпы мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен еңбек гигиенасының жалпы мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты қызметкерлері қатысып, Алматы қаласы бойынша еңбек инспекциясының аумақтық департаментінің өкілдері шақырылды.

Департаменттің өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Толқын Дүйсеғұлқызы Базарқұлова өндірістік кәсіпорындардың өндірістік бақылауы бойынша баяндама жасады.

Департаменттің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Абылайхан Жолдасбекұлы Үмбетәлиев «Салауатты жұмыс орындары» жобасын түсіндірді.

Сондай-ақ Абылайхан Жолдасбекұлы «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесін қолдану тәртібін түсіндірді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды түсіндіріп, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселелеріне баса назар аударды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар еңбек гигиенасының, өндірістік кәсіпорындардағы жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі бойынша басқа да мәселелерін талқылады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1254359?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді