Фастфудқа тапсырыс беру кезінде тағамнан уланудың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өзіңізді және жақындарыңызды тағамнан уланудан қорғау үшін мына қарапайым ережелерді сақтаңыз:

Тағамды тек сенімді қоғамдық тамақтану орындары мен ресми жеткізу қызметтері арқылы тапсырыс беріңіз.

Тапсырысты алған кезде қаптаманың бүтіндігіне назар аударыңыз. Қаптама ашылмаған және таза болуы тиіс.

Ыстық тағамдар ыстық, ал салқын тағамдар салқын күйінде жеткізілуі керек.

Тағамның сыртқы түрін, иісін және сапасын тексеріңіз.

Жарамдылық мерзімі өткен немесе бұзылған белгілері бар өнімдерді тұтынбаңыз.

Дайын тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтамаңыз.

Тамақтанар алдында қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.

Егер жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш өту, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда! Қауіпсіз тағамды таңдаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1255170?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді