Гүл шоғы қымбатқа түсті: әлеуметтік желіге арналған ролик екі әкімшілік хаттамамен аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көп қаралым жинау үшін әсерлі бейнеролик түсіру әрекеті әкімшілік жауапкершілікке әкелді.

Абай облысы Полиция департаменті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қозғалыс кезінде жеңіл автокөліктің терезесінен денесін шығарып, қолына гүл себетін ұстаған жолаушы қыз бейнеленген видеоны анықтады.
⚠️

 Тексеру барысында полиция қызметкерлері түсірілімге қатысушыларды жедел анықтады. Олар — Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы.

 20 жастағы жүргізуші жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанып жасалғандықтан, іс материалы сотқа жолданды.

 21 жастағы флорист болып жұмыс істейтін жолаушы қыз да қозғалыс кезінде көлік терезесінен денесін шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әсерлі бейнероликтің бірнеше секунды екі әкімшілік хаттамамен аяқталды.

 Полиция еске салады: жарнамалық роликтерді, фото және бейнемазмұнды түсіру Жол қозғалысы қағидаларын сақтаудан босатпайды. Ешбір тренд пен жарнамалық идея адам өмірінен қымбат емес. Жолдағы қауіпсіздік әрдайым әдемі кадр мен лайктан маңызды болуы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1255207?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді