
Қандыағаш жол дистанциясы Қандыағаш – Жем, Қандыағаш – Сағыз станциясына, Қандыағаш – Никельтау участогіне дейін ұзындығы 497,6 км телімді қамтып қызмет етеді.
Телім бойымен тәулігіне кемінде 25 жүк поездары өтеді, бұл дегеніміз бұрынғыдан да қырағылықты күшейтіп, телімдегі пойыздардың қауіпсіздігін, іркіліксіз қозғалысын, бірқалыпты жүрісін ұдайы бақылауды талап етеді.
Қандыағаш жол дистанциясының әкімшілігі тарапынан пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Темір жол бойына мал шығу оқиғаларын азайту мақсатында халықты мал жаю ережелерімен таныстырып, ескертудеміз. Қадағалаусыз малдардың жолға шығуын болдырмау үшін жол жөндеушілеріміздің жұмысын күшейтудеміз. Алайда, қауіпсіздікке көңіл бөліп жатқан тұрғындар байқалмайды. Айналып келгенде, иесіз сиыр, жылқы малдарының жол бойында жайылуы теміржолшылардың жұмыстарына кедергі келтіріп, жол қауіпсіздігін сақтауға кері әсерін тигізіп келеді.
Сондықтан, ауыл тұрғандарын мал иелерін, шаруа қожалықтарын өз малдарына ие болып, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-karauylkeldi/press/news/details/1255211?lang=ru

Жауап қалдыру