
🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 8 шілдеде IQostanay SMART-орталығында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған «Халықтық Конституция: болашақтың бастауы» атты ғылыми конференция өтті. Аталған іс-шараға Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова қатысты.
🔹 Конференция жұмысына Қостанай облысының әкімі Қ.И. Ақсақалов, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшелері: Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мырзагараев Мади Жомартұлы, заң ғылымдарының докторы Унзила Шапаковна Шапак, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, заң қоғамдастығының, профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, адвокаттар, нотариустар, заң консультанттары, студенттер және жұртшылық өкілдері қатысты.
🔹 Іс-шараның негізгі мақсаты – конституциялық реформаларды, олардың мемлекеттің одан әрі дамуы, заңдылық қағидаттарын нығайту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіндегі маңызын талқылау болды. Конференция барысында қатысушылар жаңартылған Конституцияның негізгі ережелерін, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту мәселелерін талқылады.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1255331?lang=ru

Жауап қалдыру