Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 7 шілдеде инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында ауданға кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары жұмыс сапарымен келді. 

Сапар аясында делегация «Қазақстан Бидайы» ЖШС-нің жарма мен үлпектер шығаратын зауыт құрылысы бойынша инвестициялық жобасының барысымен танысты. Жоба шикізатты сақтауға, тазартуға және кептіруге арналған заманауи жабдықтарды орнатуды көздейді, бұл астықты алғашқы өңдеудің толық циклін қамтамасыз етуге және өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

         Сондай-ақ делегация «Astana-Logistik KZ» ЖШС-не барып, вагон жөндеу депосының құрылыс барысымен танысты. Жоба жүк вагондарын, сондай-ақ жылжымалы құрамның тораптары мен бөлшектерін жөндеуге арналған заманауи технологиялық жабдықтарды орнатуды көздейді, бұл кәсіпорынның өндірістік қуатын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, «Новоишимский мелькомбинат» ЖШС-не барып, роботтандырылған құрама жем зауытының қызметімен, оның өндірістік қуатымен және кәсіпорынды одан әрі дамыту перспективаларымен танысты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-op/press/news/details/1254961?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді