Қазақстан Республикасының фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантиндік объектілерді анықтау және жою жұмыстарына ерекше назар аударылады. Ең қауіпті карантиндік организмдердің қатарына егістік арамсояу, жатаған укекіре, қарағайдың қара сүген қонызы және ауыл шаруашылығы елеулі зиян келтіретін басқа да зиянды организмдер жатады.
Арам сояу -аса қауіпті карантиндік паразиттік арамшөп. Оның толыққанды тамыр жүйесі болмайды және өсімдік иесінің сабағына оралып, одан қоректік заттарды сорып тіршілік етеді. Арам сояу көкөніс, мал азықтық, техникалық дақылдарды және басқа да арамшөптерді зақымдайды. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі төмендеп, өнім сапасы нашарлайды және егін жинау жұмыстарды қиындайды. Арам сояудың таралуына жол бермеу үшін таза тұқымдық материалды пайдалану, зақымданған ошақтарды дер кезінде жою және агротехникалық шараларды сақтау қажет.
Жатаған укекіре (қызғылт) – ең зиянды көпжылдық карантиндік арамшөптердің бірі. Оның қуатты тамыр жүйесі ауыл шаруашылығы алқаптарына тез таралуына мүмкіндік береді. Жатаған укекіре мәдени дақылдарды ығыстырып, топырақтын өнімділігін төмендетеді және мал азығының сапасын нашарлатады. Бұл арамшөптің ерекше қауіптілігі- кең аумаққа тез таралып, механикалық жолмен жойылғаннан кейін де қайтадан өсіп шығу қабілетінде. Сондықтан сонымен күресу хиимиялық өңдеулерді, агртехникалық әдістерді және жерлерге тұрақты мониторинг жүргізуді қамтитын кешенді шараларды талап етеді.
Қара сүген қонызы –қылқан жапырақты ағаштарға зиян келтіретін қауіпті карантиндік зиянкес. Оның дернәсілдері ағаш қабығы мен сүрегінде дамып, діңдерін зақымдайды және ағаштарды әлсіретеді. Нәтижесінде орман екпелерінің ауруларға және қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімділігі төмендейді. Қара сүген қонызының таралуының алдын алудың негізгі шаралары – зақымданған ағаштарды дер кезінде анықтау, санитариялық кесу жұмыстарын жүргізу, сүректі тасымалдау кезінде карантин талаптарын сақтау және фитосанитариялық бақылауды қамтамасыз ету. Карантиндік объектілерден аумақты тиімді мемлекеттік органдардың ауыл шаруашылығы тауарын өңдірушілердің, орман пайдаланушылардың және халықтың бірлескен жұмысы арқылы ғана мүмкін болады. Ол үшін аумақтарға тұрақты тексеру жүргізіп, анықталған ошақтар туралы уақтылы хабарлап, өсімдіктер карантині саласындағы мамандардың ұсынымдарын орындау қажет.
Карантидік іс-шараларды сақтау ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін сақтауға, орман қорларын қорғауға және Қазақстан Республикасының фитосанитариялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге мүмкінідік береді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Аққулы аудандық аумақтық инспекциясы» Мемлекеттік мекемесі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1254382?lang=ru

Жауап қалдыру