
КЕНТАУДА 2026–2027 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысына арналған жұмыс мәжілісі өтті.
Жиында Кентау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Айдар Ерубаев баяндама жасап, қаладағы жылу желілерінің дайындығы, қайта жаңғырту жобаларының орындалуы, көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың қысқы маусымға әзірлігі туралы баяндады.
Мәжіліс барысында магистральдық және ішкі орам жылу желілерін жаңғырту, анықталған ақауларды жою, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының дайындығы, сондай-ақ көмір қоры мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысында жауапты мекемелерге жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде толық аяқтап, барлық нысандардың қысқы кезеңге сапалы әрі уақытылы әзірлігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1255367?lang=ru

Жауап қалдыру