
КЕНТАУДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға қалалық дербес бөлімдердің, құқық қорғау органдарының басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Күн тәртібінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және сәулет салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Сондай-ақ Кентау қаласы әкімдігінің қарасты мемлекеттік мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы туралы баяндалды.
Бұл бағытта Кентау жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және сәулет бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің басшысы баяндама жасады. Сондай-ақ комиссия отырысында қала прокуроры бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының орындалуы бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген ішкі талдамада көрсетілген кемшіліктер бойынша тиісті ретке келтіру шаралары жүргізіліп, анықталған кемшіліктердің белгіленген мерзімде жойылуы қажеттігі ескертілді.
Комиссия мүшелері баяндамашыларға сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруды, тәуекелдерді жоюға бағытталған нақты шаралар қабылдауды және барлық салада ашықтық пен заң талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1255260?lang=ru

Жауап қалдыру