Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал санаттарын баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Осы мақсатта Жаңасемей ауданында 2026 жылы жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бекітілген жоспарға сәйкес жалпы ауданы 1 300 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі 10 тұрғын үй салынуда.

Құрылыс жұмыстары келесі елді мекендерде жүзеге асырылуда:
🏠 Ертіс ауылдық округінің Мұқыр ауылында – 4 тұрғын үй;
🏠 Ертіс ауылдық округінің Прииртышское ауылында – 2 тұрғын үй;
🏠 Достық ауылдық округінің Шақаман ауылында – 4 тұрғын үй.

Қазіргі уақытта барлық құрылыс нысандарына қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп, тұрғын үйлердің іргетасын қалау жұмыстары жүргізілуде.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1255342?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді