Мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызмет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметтің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету және куәландыру рәсімін оңайлату мақсатында мемлекет оны көрсету сапасын арттыру жөнінде дәйекті шаралар қолданады.

Бүгінгі таңда медициналық-әлеуметтік куәландырудың екі түрі бар: күндізгі және сырттай проактивті.

 Куәландыру түрін емдеуші дәрігер медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясымен бірлесіп қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолда бар нозология, яғни диагноз негізінде айқындайды.

 Күндізгі куәландыру Департаментте ғана емес, аудандық емханалар базасында, стационарларда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде және тергеу изоляторларында, медициналық-әлеуметтік мекемелерде көшпелі отырыстарда да жүргізіледі. Тасымалдан байтын пациенттерді куәландыру олардың тұрғылықты жері бойынша үйде жүргізіледі.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай проактивті форматы республика бойынша 2021 жылғы 1 қазаннан бастап енгізілді.

Сырттай куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесі, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін қажетті міндетті тексерулермен объективті деректердің тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен регламенттелген.

Бүгінгі таңда сырттай проактивті форматта куәландыру келесі нозологиялар бойынша жүргізіледі: барлық психикалық бұзылулар, онкологиялық аурулар, барлық анатомиялық ақаулар, қан айналымы жүйесінің жекелеген аурулары, балалардағы 1 типті қантдиабеті, туберкулез және басқа да бір қатар аурулар.

Сырттай проактивті форматтың басты артықшылығы-көрсетілетін қызметті алушыға тек медициналық ұйымға жүгіну жеткілікті-медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жеке бару талап етілмейді.

 Медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай форматта Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінен келген эксаумақтық сарапшылар жүргізеді.

Бұл ретте сарапшылар тек медициналық ақпаратты-мамандардың тексерулерімен қорытындыларының нәтижелерін көреді. Куәландырылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және тұратын өңірін қоса алғанда, паспорттық деректері оларға қолжетімсіз.

Мұндай тәсіл көрсетілетін қызметті берушілер мен көрсетілетін қызметті алушылар арасындағы тікелей байланысты болдырмайды, бұл қабылданатын сараптамалық шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жоюға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді.

 Сондай-ақ, бұл формат облыстың шалғай аудандарында тұратын мүгедектігі бар адамдар үшін өте ыңғайлы, өйткені оларға медициналық-әлеуметті ксараптамадан өту үшін облыс орталығына келу талап етілмейді.

Бүгінгікүні көрсетілетін қызметті алушылардың 53%-дан астамы сырттай форматта куәландырудан өтеді.

Сондай-ақ, сырттай проактивті куәландыруды енгізуден басқа, 2025 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасында жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мүгедектікті белгілеудің ерекше тетігін енгізу жөнінде гіпилоттық жоба іске асырылуда.

Бұл тетік келіп түскен құжаттарды қарауды және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінің жобасы келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізілімінен аумақтан тыс сарапшы — медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысына сараптамалық қорытынды шығаруды көздейді.

 Қазіргі уақытта ерекше механизм бойынша куәландыру жекелеген туа біткен және жүре пайда болған қайтымсыз анатомиялық ақаулар, Даун ауруы және балалардағы мукополисахаридоз кезінде жүргізіледі.

 Пилоттық жоба енгізілген сәттен бастап, яғни 2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қостанай облысында 40 көрсетілетін қызметті алушы ерекше тетікті қолдана отырып, сырттай проактивті форматта куәландырудан өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1255325?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді