
Астана күніне орай «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларына арналған «Өмірді сезіне отырып» атты көңілді старт жарысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл іс-шара Астанадағы №117 жалпы орта білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып ұйымдастырылды.
«Іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар арасында дене белсенділігін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ олардың әлеуметтік белсенділігін дамыту және көтеріңкі көңіл күй сыйлау», – деді Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының менеджері Гүлнәр Базарханова.
Нұра ауданы бойынша спорттық жарыстарға жауапты маман іс-шараға 30-ға тарта баланың қатысқанын айтты.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тағылымды жиын Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жыл сайын өтіп тұрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1253565?lang=ru

Жауап қалдыру