
Округ аумағында қураған ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және елді мекен аумағын абаттандыру мақсатында атқарылуда.
Санитарлық кесу барысында апатты жағдай туғызуы мүмкін қураған және зақымданған ағаштар алынып, аумақтың санитарлық жағдайы жақсартылуда. Бұл жұмыстар қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтауға және елді мекеннің көркін арттыруға бағытталған.
Жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде. Осыған байланысты тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/1254069?lang=ru

Жауап қалдыру