Полиция департаментінде Ұлттық домбыра күніне арналған кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция департаментінде Ұлттық домбыра күніне арналған кездесу өтті 

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің музейінде ұлттық мәдени мұраны насихаттауға арналған танымдық кездесу өтті.

Іс-шараға қонақ ретінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Шайзат Ержан қатысты. Ол полиция қызметкерлеріне домбыраның шығу тарихы, дәстүрлі күй өнерінің дамуы, күй орындау мәдениеті, қазақтың көрнекті күйшілерінің шығармашылығы және домбыраның Қазақстанның рухани мұрасы мен ұлттық мәдениетінің басты нышандарының бірі ретіндегі маңызы туралы әңгімеледі.

Шығыс Қазақстаннан шыққан әйгілі күйшілер туралы айтылған мәліметтер қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Полицейлер олардың өмір жолы, танымал шығармалары және дәстүрлі күй өнерін сақтап, дамытуға қосқан үлесімен танысты.

Кездесу барысында қатысушылар домбыраға қатысты қызықты деректермен де танысты. Ғалымдардың пікірінше, ұлттық аспаптың тарихы кемінде алты мың жылды қамтиды.

Сондай-ақ, оқытушы домбыраға қатысты әлемдік жетістіктер жөнінде де айтып өтті. Атап айтқанда, 2010 жылы 10 мыңнан астам адам бір мезетте «Кеңес» күйін орындап, әлемдік рекорд орнатқан. Ал қазақстандық шебер жасаған ең кішкентай домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Танымдық кездесу ұлттық дәстүрлерді сақтау, мәдени мұраға құрметпен қарау және өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рух пен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын айқындады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1255334?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді