
Облыстық полиция ведомствосының базасында қызметкерлер үшін кәсіби және қызметтік даярлық сабақтары өткізілді. Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы бастығының орынбасары Владимир Ходацкий қатысушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасына және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды.
– Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына және қоғамның құқық қорғау органдарына деген сеніміне елеулі қауіп төндіреді. Полиция қызметкері үшін басты қағидаттар – адалдық, заңдылық, әділдік және тәртіп. Заңнама талаптарын, қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, ашықтық пен адалдық қағидаттарын қалыптастыру аса маңызды, – деді Павлодар облысы ПД Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы бастығының міндетін атқарушы Владимир Ходацкий.
Сонымен қатар талқылаудың негізгі бағыты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының әділетті қоғам құрудағы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі және заңдылықты сақтаудағы маңызды рөліне арналды. Конституция әрбір азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға кепілдік беретініне ерекше назар аударылды.
– Біз мемлекет атынан қызмет атқаратын тұлғалар ретінде еліміздің Негізгі заңының талаптарын жетік біліп, оны мүлтіксіз орындауға міндеттіміз. Сондықтан әрқайсымызға жоғары жеке жауапкершілік жүктеледі, – деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Жауынгерлік және қызметтік даярлық – кәсіби өсудің негізгі тетіктерінің бірі. Мұндай сабақтар апта сайын өткізіліп, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, кәсіби дамуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде қызметтің тиімділігін арттырып, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің үнемі жетілдірілуінің маңыздылығын көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1255214?lang=ru

Жауап қалдыру