
6 шілде-Елорда күніне орай Қарақия ауданында кең ауқымды мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып, мерекелік салтанат жоғары деңгейде өтті. Айтулы датаның мемлекеттік маңыздылығын ұлықтау және тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында өткізілген бұл іс-шаралар аудан орталығымен ғана шектелмей, аймаққа қарасты барлық ауылды толық қамтыды.
Мерекелік бағдарлама аясында ұйымдастырылған салтанатты шаралар әрбір елді мекенде қатар өтіп, жергілікті халықтың басын біріктірген тағылымды да рухани кештерге ұласты. Сахна төрінде ұлттық өнердің озық үлгілері дәріптеліп, күмбірлеген күйлер тартылды, мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер өз өнерлерін ортаға салып, жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді. Ұлттық нақыштағы әуезді әндер мен патриоттық шығармалар шырқалған бұл мәдени шаралар тұрғындардың, әсіресе өскелең ұрпақтың бойындағы отаншылдық сезім мен мемлекетшілдік рухты асқақтата түсті.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1254015?lang=ru

Жауап қалдыру