Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық олимпиадаға қатысуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Колумбияның Букараманга қаласында мектеп оқушылары арасында физикадан 56-шы Халықаралық олимпиада (International Physics Olympiad, IPhO 2026) өтуде.

Әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі саналатын олимпиада 4-12 шілде аралығында ұйымдастырылып, биыл оған 90 елден 400-ден астам үздік жас физик қатысуда.

Олимпиада аясында қатысушылар теориялық және эксперименттік кезеңдерден өтіп, күрделі физикалық есептерді шығарып, зертханалық жұмыстарды орындайды.

Оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша жасақталған Қазақстан ұлттық құрамасының сапына бес оқушы енді.

Олар:
Әмірбек Азатбеков – Астана қаласы Нұра ауданындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
Ілияс Қазымбек – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы;
Нұргүл Егенбергенова – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
Роман Черемнов – Астана қаласы Нұра ауданындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
Дамир Құрман – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың жетекшілері:
Самат Мақсұтов – PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;
Әлішер Еркебаев – физикадан халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.

Анықтама үшін: Физикадан халықаралық олимпиада 1967 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан IPhO олимпиадасына 1997 жылдан бастап тұрақты түрде қатысып келеді. 2025 жылы ұлттық құрама 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1254645?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді